Accessibility links

АҚШ-тың тыйымы: Ресей мемлекеттік қарызын Батыс шоттарында бұғатталған ақшасынан төлей алмайды


АҚШ-тың тыйым салуына байланысты Ресей мұнан былай мемлекеттік қарызын Батыс шотында бұғаттаулы жатқан ақша есебінен төлей алмайды. Бұл жөнінде 5 сәуірде Reuters агенттігі хабарлады.

Дүйсенбі, 4 сәуірде Ресейдің облигациялар бойынша барлығы 636 миллион доллар мемлекеттік қарызын төлейтін уақыты болды. Вашингтон тыйым салғанға дейін Мәскеу бұғатталған шоттарынан төлей алатын еді. Енді АҚШ пен Еуропа елдері шектей алмаған резервінен төлеуге тура келеді.

Жаңа шектеу Мәскеуге санкцияны күшейте түсу үшін енгізілген. "Ресей не резервтегі ақшасын тауысады, не дефолтты таңдайды", – деді АҚШ Қаржы министрлігінің өкілі. Оның сөзінше, бұл төлемдер Ресей бюджетін, соның ішінде әскерге бөлінетін қысқартуға септігін тигізеді.

  • The Bell басылымының бағасына қарағанда, Ресей Орталық банкінің Батыс шоттарында 380 миллиард доллары бұғатталған болуы мүмкін. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл соманы 300 миллиард доллар деп көрсетіп отыр, бұл шамамен санкция енгізілгенге дейінгі Ресейдің валюта резервінің жартысына тең. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша резидент еместер Ресей мемлекеттік облигациясының шамамен 20 миллиард долларын иеленген.
  • 5 наурызда Ресей президенті Владимир Путин "дос емес елдердегі" кредиторлар қарызын Ресей рублімен төлеуге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойған. Егер төлемнің бұл түрі келісімшартта көрсетілмей, ал кредиторлар рубльге келіспесе де дефолтқа ұшырауы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG