Accessibility links

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетіп, орнына Нұржан Нұржігітов келді


Нұржан Нұржігітов. Жамбыл облысы әкімінің сайтынан алынған сурет.
Нұржан Нұржігітов. Жамбыл облысы әкімінің сайтынан алынған сурет.

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады. 2020 жылдың ақпан айынан бері облысты Бердібек Сапарбаев басқарған еді.

55 жастағы Нұржігітов 2021 жылдың сәуірінен бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. 2019-2021 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданын басқарды. Оған дейін шамамен үш жыл Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік еткен. Ауыл шаруашылығы саласының маманы. Еңбек жолын 1991 жылы механик мамандығынан бастаған.

Нұржан Нұржігітов жаңа қызметінде облысты 2020 жылғы ақпаннан бері басқарып келген Бердібек Сапарбаевты алмастырды. Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасындағы қанды қақтығыстан кейін тағайындалған Сапарбаев Жамбыл облысына дейін Қазақстанның бірнеше облысын басқарған. Олардың арасында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

69 жастағы Сапарбаев 2016 жылы Ақтөбе облысының әкімі кезінде зейнет жасына жеткен. Бірақ елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның құзыретін ұзартқан. 2019 жылғы ақпанда ол еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG