Accessibility links

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта оралды


Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны Президент көмекшісі, Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатты. Бұл ақпаратты Қазақстан президентінің баспасөз қызметі таратты.

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін бұған дейін де (2013 - 2018 жылдары) атқарған.

2018 жылы ақпанда Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев берген тапсырмалары орындалмай жатқанына байланысты Дүйсенованы сынап, "Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыстан шаршадың ба?", -деген еді. Осыдан кейін Тамара Дүйсенова министр қызметінен босатылған.

Тамара Дүйсенова 1994 жылдан бастап түрлі деңгейдегі әкімшіліктерде жауапты қызметтер атқарған, 2002 жылдан бастап араға уақыт салып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі, жауапты хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін "Nur Otan" париясының хатшылығына ауыстырылған Дүйсенованы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы мамырда Президент көмекшісі, Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG