Accessibility links

Қырғызстанда шекара маңынан эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды


Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралып жатыр. Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі осылай деп хабарлады.

17 мың 799 тұрғын үйіне оралған.

12 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды. Нәтижесінде бірнеше адам жараланған. Шекарашылардан бөлек бейбіт азаматтар да жарақат алған.

Қазір жағдай бірқалыпты. Екі елдің шекарашылары арасында келіссөз жүріп жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, тараптар қақтығысты бірлесіп зерттеуге келіскен.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы ұзындығы 970 шақырым шекараның 519 шақырымы ғана реттелген. Шекараның бекітілмеген тұсында жер, суға бола жиі жанжал болып тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG