Accessibility links

Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды


Руслан Желдібай.
Руслан Желдібай.

Руслан Желдібай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл жөнінде 14 сәуірде Ақорда сайты хабарлады.

Бұған дейін Тоқаевтың баспасөз хатшысы болған Берік Уәли 29 наурызда қызметінен босатылып, "Хабар агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған еді. Содан бері Ақорда екі апта баспасөз хатшысыз жұмыс істеді.

33 жастағы Руслан Желдібай 14 ақпаннан бері премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болған. Оған дейін екі жылға жуық президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. Оған дейін бірнеше жыл мемлекеттік арналарда түрлі қызмет атқарды. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған.

Қарай отырыңыз: Қымбат сағат, тойдағы би. Берік Уәли Тоқаевтың баспасөз хатшысы болғанда несімен есте қалды? (30 наурыз 2022 жыл).

Қымбат сағат, тойдағы би. Берік Уәли Тоқаевтың баспасөз хатшысы болғанда несімен есте қалды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG