Accessibility links

Пентагон: Ресейлік "Москва" крейсерін украиналық зымырандар батырған


"Москва" крейсеріндегі қондырғы.

Ресей теңіз әскерінің флагманы саналатын "Москва" ракеталық крейсеріне 14 сәуірде екі украиналық зымыран түскеннен кейін кеме батып кетті. Жұма күні аты-жөнін айтпаған АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінен агенттіктер үзінді келтірді.

АҚШ өкілінің сөзіне қарағанда, крейсерге кемеге қарсы "Нептун" зымыранымен шабуыл жасалған болуы мүмкін. Вашингтондағылар зымыран соққысы мен кеме батқаннан кейін адам шығыны болғанына сенімді, бірақ қанша теңізші батып кеткенін айта алмады.

Осылайша Вашингтон Украина ресми тұлғаларының крейсер жөнінде мәлімдемелерін растады.

"Москва" кемесіне зымыранмен соққы жасағанын Украина тарабы 13 сәуірде мәлімдеген. 14 сәуірге қараған түні Ресей қорғаныс министрлігі кемеде өрт болғанын растады. 14 сәуірде күндіз Пентогон да, Ресей де крейсердің теңіз бетінде екенін хабарлаған. Бірақ бірнеше сағаттан соң Ресей қорғаныс министрлігі кеме теңіздегі дауылдан тепе-теңдік сақтай алмай, батып кетті деп мәлімдеді. Мәскеу өрттін неден шыққанын айтпады.

Ресей қорғаныс министрлігі бірнеше жүз адамнан құралған кеме экипажы басқа кемеге эвакуацияланғанын хабарлады. Жұма күні дереккөзге сүйенген ТАСС агенттігі "Москва" теңізшілері Севастопольге жеткізілді деп мәлімдеді. Алайда оған дәлел болатын фото, видеолар жариялаған жоқ.

Аннексияланған Севастопольде жұма күні бейресми түрде кемемен қоштасу рәсімі өтті.

15 сәуірге қараған түні Ресей Киевтегі "Визар" зауытына зымыранмен соққы берді. Бұл зауытта "Нептун" зымырандары шығарылған деп айтылады. France Presse агенттігі қираған зауыттың суреттерін жариялады.

"Москва" крейсері 1979 жылы пайдалануға берілген, Ресей әскерінің Қара теңіздегі ең негізгі кемесі еді. Украина басылымдарының хабарлауынша, "Москва" крейсері Одесса облысы Змеиный аралына шабуылға қатысқан.

Видео: Соғыстың 51-күні. Әйгілі "орыс әскери кемесі" суға батты (15 сәуір 2022 жыл).

Соғыстың 51-күні. Әйгілі "орыс әскери кемесі" суға батты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG