Accessibility links

"Москва" крейсерінде болған тағы бір матростың анасы ұлының жоғалғанын айтты


Ресей әскери теңіз күштерінің "Москва" крейсерінде қызмет атқарған матрос Марк Тарасов (ортада).
Ресей әскери теңіз күштерінің "Москва" крейсерінде қызмет атқарған матрос Марк Тарасов (ортада).

"Москва" крейсерінің матросы Марк Тарасовтың анасы Ульяна Тарасова әскери кеме Қара теңізде суға батқаннан кейін ұлының хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Ол бұл туралы Vkontakte желісінде жазды. Жазбаны "Агентство" басылымы байқады.

Тарасов әскери қызметін былтыр 15 желтоқсанда бастаған. "Агентство" басылымы сөйлескен танысы Матросовтың әскерге кеткенін растады. Матросовтың өзі Instagram желісіндегі парақшасында матрос формасын киіп түскен суретін жариялаған.

Тарасов – "Москва" крейсерінде болғандар арасында із-түзсіз жоғалғаны жария болған екінші матрос. Оның алдында Ялта тұрғыны Дмитрий Шкребец 20 жастағы ұлы Егор Шкребецтің жоғалғанын мәлімдеген. Бұдан бөлек, Азаттықтың Орыс қызметі мичман Иван Вахрушевтің кеме бортында қаза тапқанын анықтаған.

  • Ресей әскери теңіз күштерінің "Москва" крейсерінің суға кеткенін елдің қорғаныс министрлігі 14 сәуірде мәлімдеген. Содан бір күн бұрын Украина билігі Ресей кемесіне екі ракетамен соққы жасағанын айтқан еді. Ресей әскери күштері бұл туралы ештеңе айтпады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі кемеде қару-жарақ жарылып, арты өртке ұласты, кеме экипажы түгел эвакуацияланды деп хабарлады. Крейсерде нақты қанша адам болғанын айтпады. Түрлі дереккөзге қарағанда, әскери кемеде шамамен 500-700 аралығында адам болған.
  • Вахрушевтің жесірі жоғалғандар тізімінде 27 адам барын хабарлады. Бұл хабарды тәуелсіз дереккөздер арқылы растау мүмкін болмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG