Accessibility links

Түркістан облысында полиция шенеунігі ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркістан облысында "Өзінше билік ету" бабымен күдікке ілінген Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан ұсталды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

Журналист Михаил Козачков 22 сәуірде кешке Телеграм-арнасында "қылмыстық істің қозғалуына түрткі болған" оқиға жайлы полиция дерегіне ұқсас құжат жариялады. Ондағы ақпаратқа сәйкес, полиция шенеунігі жергілікті автосалоннан құны 21 млн тұратын қымбат көлікті "заңсыз иемденді" деген күдікке ілінген.

"Өзінше билік ету" бабы (Қылмыстық кодекстің 389-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті тергеу изоляторына қамалған.

41 жастағы Данияр Мейірхан Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімін 2020 жылдың наурызынан бері басқарған.

Қазақстанда жиі сыналатын полиция қызметкерлерінің қылмыстық жауапқа тартылғаны жөнінде ақпарат ара-тұра шығып тұрады. Осы апта басында Қызылордада "пара алды" деп күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы жеті жылға сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG