Accessibility links

Лавров: Ядролық соғыс қаупі бар, оны ескермеуге болмайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жергілікті "Первый канал" телеарнасына берген сұқбатында, қазір ядролық соғыс қаупі шынымен бар екенін және ол қауіпті жеткілікті деңгейде бағаламауға болмайтынын айтты.

Соған қарамастан министр, Мәскеу ядролық соғысқа жол жоқ деген ұстанымда екенін атап өтті.

"Бұл – түбегейлі қағидамыз. Біз осыны негізге аламыз… Қауіп бар, ол шынайы, оны елемеу мүмкін емес" деді Лавров.

Сарапшылардың көбі Ресей Украинаға басып кіргенде елді санаулы күнде басып алуды жоспарларды деген пікір айтады. Бірақ Украина қарулы күштері тойтарыс беріп, соғыс үшінші айға ұласып отыр. Әлемнің дамыған, демократиялық елдері осы соғысты бастағаны үшін Ресейге қарсы экономикалық санкцияларын күшейтіп, Украинаға қаржылай да, әскери техникамен де көмек көрсетіп келеді. Енді қазір әлем елдері арасында жылдам жеңіске жете қоймаған Ресей тактикалық ядролық қару қолдана ма деген алаң бар. Ол алаңды Кремльдің кей қадамдары күшейтіп отыр. Атап айтқанда, соғыс басталғалы Ресей ресми түрде ядролық қаруларын жоғары дайындық деңгейіне өткізетінін мәлімдеді. Өткен аптада "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Мұндай зымыранды ядролық шабуылға қолдануға болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG