Accessibility links

Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығаруды тоқтатты


Қарағанды фармацевтика зауыты ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығаруды доғарды. Бұл туралы 28 сәуірде Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы төрт миллионнан астам вакцина бар, ол "вакцинация мен ревакцинацияға жетеді". Сол себепті "қосымша вакцина шығарылмайды, сатып алынбайды", деп мәлімдеді бас санитар дәрігер.

"“Спутник V” вакцинасын сатып алу жоспарда жоқ. Қарағанды фармкомбинаты вакцина шығарғанға дейін жасаған дәрілерін жасай береді", — деді Есмағамбетова.

Қазақстан реселік "Спутник V" вакцинасын халыққа салдыру науқанын 2021 жылғы ақпанда бастады. Сол кезде вакцинаның бұл түрі Қазақстанда ресми тіркелмеген еді.

Қазақстан "Спутник V" вакцинасын Қарағанды фармзауыт базасында өндірді. Оның қожайындарының бірі - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев.

17 наурызда қаржы мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевты "квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен ұстағанын хабарлады.

Содан кейін ғана Қазақстан Pfizer компаниясы вакциналарын азаматтарға жаппай еге бастады. Билік бұл жағдайдың Боранбаевтың қамауға түсуіне ешқандай қатысы жоқ деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG