Accessibility links

Киевке шабуылдан Азаттықтың Украин қызметінің журналисі қаза болды


Вера Гирич.
Вера Гирич.

28 сәуірде Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан Азаттық радиосы Украин қызметінің журналисі Вера Гирич қайтыс болды. Оның мәйітін 29 сәуірде қираған үйдің астынан тапқан. Бұл туралы оның әріптесті Александр Демченко хабарлады.

Біраз уақыт бұрын Киев мэрі Виталий Кличко "Ресейдің Киевке жасалған ракеталық шабуылынан кемі бір адам қаза болды" деп мәлімдеген еді. Кейін марқұмның журналист Вера Гирич екені анықталды.

Гирич Азаттықтың Киевтегі бюросында 2018 жылдың 1 ақпанынан бері жұмыс істеп келген. Оған дейін ол Украинадағы белгілі телеарналарда жұмыс істеген еді.

Бұл шабуыл БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Киевке сапары кезінде жасалды. Украина президенті Зеленский Ресейдің шабуылын БҰҰ-ны масқаралау деген еді.

Ресей қорғаныс министрлігі Киевке шабуылдың мақсаты "Артем" қорғаныс объектісі болғанын айтады. Бірақ Киев басшылығы ракета тұрғын үйлерге тигенін мәлімдеді.

Украина ұлттық журналистер одағының есебінше, Ресей Украинаға соғыс ашқалы 20 журналист пен БАҚ қызметкері қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG