Accessibility links

Тәжікстанда президент туыстары тарихи ғимараттарды сүріп, тұрғын үй тұрғызбақ


"Афсона" қуыршақ театрының ғимараты. Сурет "Азия-Плюс" сайтынан алынды.
"Афсона" қуыршақ театрының ғимараты. Сурет "Азия-Плюс" сайтынан алынды.

Тәжікстанның Хатлон облысы Бұқтар қаласында "Ватан сарайы" ("Кохи Ватан") мен "Афсона" қуыршақ театрының ғимараттары сүрілмек. Дереккөздің хабарлауынша, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның туыстары тарихи ғимараттарды сүріп, оның орнына қонақ үй мен тұрғын үй салмақшы.

"Ватан сарайының" сүрілетінін мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін үш бірдей дереккөз растады. Оның орнына тәжік президентінің балдызы, кәсіпкер Мухибулло Садуллоев жаңа қонақ үй тұрғызбақ.

Ал "Афсона" қуыршақ театрының ғимараты тағы бір кәсіпкер Ходжи Зайнуллоға берілген екен. Ол театрдың орнына көп қабатты тұрғын үй салмақшы.

"Ватан сарайының" директоры Мавлуда Раджабзода тарихи ғимаратты сүру қате болды деп мұңаяды.

"Жүрегім ауырады. Бұл ғимарат 1954 жылы салынған. 2000 жылы қаңтарда жөндеуден өткен. Бұл ғимаратта 33 жыл өмірім өтті", - дейді ол.

Бұқтар қаласы мәдени басқармасының өкілі аталған ғимараттар ескі, бірақ тарихи архитектуралық ескерткіштер тізіміне енбейді дейді.

Қазір "Ватан сарайы" жұмысшылары қалалық мәдениет үйіне көшірілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG