Accessibility links

Ақтау маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр


Ақтау маңында өртеніп жатқан қоқыс полигоны. 29 сәуір 2022 жыл. Скриншот.
Ақтау маңында өртеніп жатқан қоқыс полигоны. 29 сәуір 2022 жыл. Скриншот.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Баянды ауылында қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Бұл жөнінде Lada.kz сайты хабарлады.

Мұнайлы ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, оқиға орнында сегіз техника жүр. Өртті сөндіру үшін құм пайдаланылып жатыр. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрт аумағы 300 шаршы метр.

Тұрғындар елді мекен аумағына ыстың жайылып жатқанына шағымданған.

Ақпарат құралдары бұл аймақта қоқыс полигондары жиі өртенетінін айтады. Шамамен екі апта бұрын Ақтауда ыс иісі сезіліп, Қазгидромет ауадағы күкіртсутек мөлшері шамадан асып кеткенін хабарлаған. Былтыр қоқыс полигондарын өрт сөндірушілер бірнеше күн бойы өшіре алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG