Accessibility links

Зоолог: Термиттер Өзбекстандағы тарихи нысандарды жойып жатыр


Зиянкестер ЮНЕСКО қорғауындағы, Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енетін Ичан-Қаладағы тарихи кешенді құртып жатыр.

Зоология институтының директоры, биология ғылымдарының докторы Бахтиер Холматов Ташкентте өткен баспасөз мәслихаты кезінде осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, зиянкестерден Жұма-мешіт музейі, Пахлавон Махмуд, Мұхаммед Инака мавзолейлері қатты зардап шеккен.

Ғалым термиттерден Сұрхандария қаласындағы Хаким Ат-Термизи, Қашқадариядағы Хазрат Имам мешіті, Науаидағы Имам Хасан-Хусейн және Қарақалпақстандағы Миздакхан кешені зардап шеккенін айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG