Accessibility links

AP: Мариупольде әуе соққысынан қираған драма театрда 600-ге жуық адам опат болды

Ресей әскерінің 16 наурызда Мариупольдегі драма театрға жасаған әуе соққысынан шамамен 600 адам қаза тапты.

Театр ғимаратына мыңға жуық адам тығылған, деп жазды Associated Press. Агенттік осы оқиғаны зерттеген.

Журналистер әуе соққысынан аман қалған 23 адаммен, құтқарушылармен, театр ғимаратын жақсы білетіндермен сөйлесіп, соққыға дейін және кейін түсірілген суреттер мен видеоларды сараптады. Бұл ақпарат театрдың 3D-нұсқасын жасауға қажет болды. Куәгерлер соның көмегімен адамдар театрдың қай жерлерін паналағанын журналистерге көрсетті.

16 куәгер ғимаратта адам көп болғаны сонша, әрбір үш шаршы метрге бір адамнан келетінін орналасқанын айтты. Адамдар бөлмелерде, дәліздерде отырған. Ғимарат маңындағы асханада жүзге жуық адам болған. Олардың бәрі қаза тапты.

Соққыдан аман қалған екі адам театрда 300-ге жуық адам опат болды деп есептеген. Қала билігі де әуелі осы мәліметті жариялаған. Мариуполь полициясының бір қызметкері мен Қызыл Крест өкілі әуе соққысынан кем дегенде 500 адам қаза тапты деп болжады. Associated Press мәйіттердің кейбірін ресейлік әскерилер алып кеткен деп топшылады.

Агенттік зерттеушілері соғыс жағдайында нақты қанша адам қаза тапқанын анықтау мүмкін еместігін ескертті.

Әуе соққысы қарсаңында спутниктен түсірілген суретте театр ғимараты алдында "дети" деген жазу анық көрініп тұр. ЕҚЫҰ театрға жасаған шабуылды халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу, әскери қылмыс деп атады.

Ресей қорғаныс министрлігі Мариуполь драма театрын осы ғимаратқа жасырынған украин әскерилері жарды деп мәлімдеді, біраұ дәлел ұсынбады.

Мариуполь – Азов теңізіндегі портты қала. Жергілікті билік кем дегенде 20 мың адам қаза тапқанын хабарлады. Қаладағы құрылыстардың 90 пайызы қираған.

Мариуполь. Бомбаланған драма театр

Тетардың орталык бөлігі толық қираған.
1/6 Тетардың орталык бөлігі толық қираған.
Қала билігі бомбаны Ресей әскерилері тастады дейді. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылды украиналық "Азов" батальоны жасады деп отыр. 
2/6 Қала билігі бомбаны Ресей әскерилері тастады дейді. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылды украиналық "Азов" батальоны жасады деп отыр. 
14 наурызда түсірілген спутник суретте театр алдында орыс тіліндегі "дети" (балалар) деген жазуды аңғаруға болады. 
3/6 14 наурызда түсірілген спутник суретте театр алдында орыс тіліндегі "дети" (балалар) деген жазуды аңғаруға болады. 
Мариупольдегі драма театр 1887 жылы салынған. Фотоны Азаттық тілшісі Эймос Чаппл ақпанның басында түсірген. 
4/6 Мариупольдегі драма театр 1887 жылы салынған. Фотоны Азаттық тілшісі Эймос Чаппл ақпанның басында түсірген. 
Соғыс кезінде бұл театрда бейбіт тұрғындар жасырынып отырған. 
5/6 Соғыс кезінде бұл театрда бейбіт тұрғындар жасырынып отырған. 
Ресей Украинаға басып кіргенде тек әскери объектілерді нысанаға алып жатырмыз деген еді. 
6/6 Ресей Украинаға басып кіргенде тек әскери объектілерді нысанаға алып жатырмыз деген еді. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG