Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында үш қырғыз азаматы қаза болды


5 мамырда Қырғызстанның Жалалабад облысында қырғыз-өзбек шекарасы маңында өзбек шекарашылары үш қырғыз азаматына оқ атты. Қырғызстанның шекара қызметі осылай деп хабарлады.

Мекеме мәліметінше, 1974, 1998 және 2000 жылдары туған қырғыз азаматтары оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ үшеуі де есін жимастан, қайтыс болған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қырғыз шекарашылары өзбекстандық әріптестерімен кездесуге аттанған.

Қырғыз шекара қызметі тергеу басталғанын, бірақ әзірге құпия екенін мәлімдеді.

Өзбекстан жағы оқиғаға түсініктеме бермеді.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара қашықтығы 1378 шақырым. Оның 85% немесе 1170 шақырымы белгіленген. Қалған 10% келісімге келген, 5% даулы күйінде қалып тұр.

Осыған дейін Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев қырғыз-өзбек шекарасындағы мәселелер 100 пайыз шешімін тапты деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG