Accessibility links

Украина билігі "Азовстальдан" барлық әйел мен бала эвакуацияланғанын хабарлады


"Азовсталь" зауыты.
"Азовсталь" зауыты.

Украина билігі Мариупольдегі "Азовсталь" зауытынан барлық әйел, бала және қарттар эвакуацияланғанын хабарлады.

Бұл жөнінде Украина вице-премьері Ирина Верещук Телеграм-арнасында жазды.

"Президенттің бұйрығы орындалды: Азовстальдан барлық әйел, бала және қарт кісі эвакуацияланды. Марупольдегі гуманитарлық операцияның бір бөлігі аяқталды" деп жазды Верещук.

7 мамырда Ресей қорғаныс министрлігі де "Азовсталь" комбинатынан барлық бейбіт тұрғын эвакуацияланғанын хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешкілік мәлімдемесінде эвакуациялаудың бірінші кезеңін жүргізуге көмектескен халықаралық Қызыл крест және БҰҰ-ға алғыс айтты.

"300-ден астам адам – әйел мен балаларды құтқара алдық. Іс жүзінде "Азовстальдан" барлық азаматты шығара алдық" деді Зеленский.

Оның сөзіне қарағанда, қазір эвакуация миссиясының екінші кезеңін жүзеге асыруға дайындық жүріп жатыр. Бұл кезеңде жаралылар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланады.

  • "Азовсталь" зауытында бейбіт тұрғындардан бөлек, ұзақ уақыттан бері "Азов" полкі мен теңіз жаяу әскері де тұрып келе жатыр. Ресей билігі оларды берілуге үндесе, украин күштері берілуден бас тартқан. Зауыт Мариуполь қаласын Ресей әскері басып алғаннан кейін украин күштерінің бақылауында қалған жалғыз нысан.
  • "Азовсталь" аумағынан бейбіт азаматтар өткен аптадан бері БҰҰ-ның араласуымен эвакуациялана бастаған. Бірақ соған қарамастан Ресей әскері зауытқа басып кіруге талпыныс жасап келеді. Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, Ресей күштері артиллерия, авиация және техниканы пайдаланып, комбинат аумағына кіре бастаған. Осыған дейін Ресей тарабы зауытқа шабуыл жасамайтынын, тек жолын бітеп тастайтынын ғана айтқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG