Ресейде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт кезінде гитлершіл Германияға қарсы соғысқан майдангер ретінде 1930-жылдары АҚШ-та банктерді тонап, шабуыл жасап, бейкүнә көп адамды өлтірген қарақшылар Бони Паркер мен Клайд Бэрроудың суреті көрсетілді. Кремль пропагандасын тарататын Ресейдегі "Первый канал" телеарнасы мерекелік концертті көпшілікке тікелей эфирде көрсеткен еді.
Концертте әнші Зара "Если б не было войны" ("Егер соғыс болмағанда") деген әнді шырқап тұрған шақта, сұрапыл соғыс ажыратқан жұпты бейнелейтін кадр ретінде сахнада төріндегі үлкен экраннан атышулы екі қарақшының суреті көрсетілді.
Бони мен Клайдтың бұл суреті 1933 жылы, жазықсыз талай адамның қанын мойнына жүктеген қос қылмыскер өздерін ұстамақшы болған полиция оғына ұшып, қаза табардан бір жыл бұрын түсірілген.
ПІКІРЛЕР