Accessibility links

Қырғызстанда бұрынғы президент Бакиевтің ұлының "сыбайласы" ұсталды


Бішкектің Бірінші май аудандық соты.
Бішкектің Бірінші май аудандық соты.

Қырғызстанда бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің ұлының сыбайласы деп аталатын Алексей Ширшов есімді азамат ұсталды. Бішкектің Бірінші май аудандық соты оны үйқамаққа шығарды.

Алексей Ширшов үйқамақта 26 мамырға дейін болады.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті осы апта басында "Дастан" трансұлттық корпорациясының бұрынғы басшысы Алексей Ширшовтың ұсталғанын мәлімдеген. Мекеме мәліметінше, ол 10 мамырда Ыстықкөл облысындағы "Аврора Плюс" демалыс орнын мемлекет меншігінен заңсыз шығарған деген күдікпен ұсталған.

Арнайы қызмет мәліметінше, Ширшов бизнес, сот органдары және мемлекеттік қызмет өкілдерімен сөз байласып, 56 қымбат пәтер мен 27 зәулім үйді жемқорлық схемасы бойынша жекеменшікке шығарған.

Алексей Ширшовтың аты-жөні Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максимнің қаржы кеңесшісі ретінде аталады. Елдегі энергетика дағдарысына да соның кінәсі бары айтылады.

2010 жылы сәуір оқиғасынан кейін Алексей Ширшов елден қашып кеткен. 2019 жылы ол Латвия аумағына тергеуге алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG