Accessibility links

Өзбекстанда ресейлік компаниялар күрт көбейді


Тігін фабрикасы. Көрнекі сурет.
Тігін фабрикасы. Көрнекі сурет.

Өзбекстанда сәуір айында ғана ресейліктердің қатысуымен 103 компания құрылған. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда төрт есеге көп.

Мемлекеттік статистика комитетінің есебіне қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанда шетел азаматтарының қатысуымен 798 компания тіркелген.

Бірінші орында Ресей (210 компания), екінші орында Түркия (128), ал үшінші орында Қытай (74) тұр.

Өзбекстанда құрылған ресейлік компаниялар саны Мәскеудің Украинадағы "арнайы операциясы" басталғаннан соң күрт көбейген. Мәселен, Өзбекстанда қаңтар айында 23 ресейлік компания тіркелген, ал сәуір айында 103 компания жаңадан ашылған.

Бұған қоса Өзбекстанда сәуір айында ақпарат және байланыс саласына қатысты 45 компания шетел капиталының қатысуымен құрылған.

Өзбекстанда IT компаниялардың көбеюі Мәскеуге салынған санкциялармен байланысты. Ресейдегі ақпараттық технологияға қатысты компаниялар санкциялардан қашып, кеңселерін Орталық Азия елдеріне көшіре бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG