Accessibility links

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі: "Біз ешқашан шегінбейміз"


Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов
Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Мәскеудің Украинадағы әскери жанжалда жеңілмейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, "Ресейдің АҚШ-тағы дипломаттары "жоғарғы бас қолбасшының қарулы күштерге берген тапсырмасы толығымен орындалатынына сенеді".

Антонов "Соловьёв Live" телеарнасының эфирінде "АҚШ Ресейді бейбіт келіссөзге тартқанымен, өз шартын қойып отырғанын" айтты. Оның сөзінше, АҚШ-тың мынадай үш шарты бар: Украинадағы ұрыс қимылдарын тоқтату, Ресей әскерін 24 ақпандағы орнына қайтару және "жасаған әрекетіне өкіну". Елшінің айтуынша, "мұндай капитуляция ешқашан болмайды". "Біз ешқашан берілмейміз, шегінбейміз", - деді ол.

Елшінің сөзінше, АҚШ Ресеймен диалогты тығырыққа тіреген және Вашингтондағы Ресей елшілігімен тікелей байланысты тоқтатқан.

Ресей Украинаға басып кіргеннен бастап АҚШ Мәскеуді соғысты тоқтатып, әскерін алып кетуге шақырып келеді. АҚШ Украинаның тәуелсіздігі мен аумағының тұтастығын қолдайтынын мәлімдеп, Киевке айтарлықтай көмек беріп отыр. Алайда Ресейге капитуляция жөнінде талап қойған емес. Әскери жанжал бейбіт келіссөз арқылы тоқтатылуы керек, бірақ келіссөзде Ресей өктемдік көрсетпеуге тиіс деп санайды.

Кремль Украинаның шығысындағы сепаратистік құрылымдар - "ДХР" мен "ЛХР" тәуелсіздігін мойындардан бір күн және ақпан айында Ресей Украинаға басқыншылық бастардан бірер күн бұрын елші Антонов "Донбасс пен Луганск Украина жері, Ресейдің Украинаға басып кірер жоспары жоқ" деп мәлімдеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG