Accessibility links

Ресей қорғаныс министрлігі "Азовсталь" зауытын толық бақылауға алғанын мәлімдеді


"Азовсталь" зауыты.
"Азовсталь" зауыты.

Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольдегі "Азовсталь" зауытын толық бақылауға алғанын мәлімдеді. Зауыт аумағында қалған 2439 украин жауынгері тұтқынға түскен.

Ведомствоның айтуынша, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге зауытты "толық азат еткенін" баяндаған.

"Азовсталь" аумағында қалған украин жауынгерлері 16 мамырдан бастап тұтқынға түсе бастаған. Олардың тағдыры белгісіз. Украина қорғаныс министрлігі "Азовсталь" сарбаздарын тұтқын алмасу процедурасы арқылы үйлеріне қайтаруға тырысатынын мәлімдеді.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, алайда мемлекеттік думада "Азов" полкінің жауынгерлерін Украинаға бермеу туралы үндеулер айтылған. 17 мамырда Ресей бас прокуратурасы жоғарғы сотқа қайырылып, украиналық "Азов" полкін террористік ұйым деп танып, елде оның қызметіне тыйым салуды сұраған.

  • "Азов" полкі және украиналық өзге де әскери бөлім жауынгерлері наурыз айының басынан бастап Ресей әскерінің қоршауында қалған Мариуполь қаласында орыс әскеріне төтеп беріп, кейін "Азовсталь" металлургия комбинатында қалып қалған.
  • "Азов" полкі 2014 жылы еріктілерден құрылған батальон. Оны "әсіреоңшыл белсенділер" құрған деп айтылады. Бірақ "Азовтің" көптеген жауынгері өздерінің "неонацист" емес екенін айтады. Полк Украина қарулы күштерінің құрамына енген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG