Accessibility links

Путиннің бұрынғы әйелінің күйеуі Швейцария қаласындағы қымбат пәтерге иелік етеді


Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путина.
Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путина.

Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы әйелі Людмила Путинаның қазіргі күйеуі Швейцариядағы зәулім үйлердің біріне иелік етеді. Артур Очеретный Людмила Путинамен үйлену тойына дейін Давостағы аумағы 200 шарты метр болатын пәтерге ие болған. Бұл жөнінде Tagesanzeiger сайты жазды.

Басылымның жазуынша, Очеретный пәтерді 3,5 млн франкіге сатып алған. Аталған үй элиталық AlpenGold қонақ үйінің жерасты өткелімен жалғасқан. Швейцарияның ақпарат құралдары Людмила Путинаның Давостан жиі көрінгенін жазды. Ол Очеретныйға тиесілі пәтерге де қонған деген мәлімет бар. Tagesanzeiger тілшілері бұл ақпаратты растайтын немесе терістейтін дәлел таба алмаған.

Басылымның ақпаратына қарағанда, Владимир мен Людмила Путина Давоста ең алғаш рет 1990-жылдары болған. Ресейдің қазіргі президенті ол кезде Санкт-Петербургтің бұрынғы мэрі Анатолий Собчактің делегациясының құрамында болған. Давостағы халықаралық экономикалық форумға іссапармен барған Путин мен әйелінің жанында екі қызы, виолончелист Сергей Ролдугин мен әйелі болған. Олар швейцариялық жағажайдан шале жалдаған. Бұдан соң Путиндер отбасы Давосқа талай келген.

  • Ресей президентінің қыздары Екатерина Тихонова мен Мария Воронцова Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты санкцияға ілінген. Людмила Путина мен Артур Очеретныйға санкция салынбады.
  • Осыған дейін Ұлыбритания Ресей саясаткерлері мен шенеуніктері ғана емес, қарапайым азаматтарға да әсері болған қатаң санкция салған. Жүздеген корпорация мен танымал брендтер Ресейдегі бизнесін тоқтатты.

XS
SM
MD
LG