Accessibility links

Байден әлемде "маймыл шешек" ауруының тарауына алаңдаушылық білдірді


"Маймыл шешек аурының" вирусы анықталған елдер қатары көбейіп жатқан тұста АҚШ президенті Джо Байден "әрбір азамат аурудың тарауына алаңдауы тиіс" деп мәлімдеді.

"Не істеу қажеттігін түсінуге бар күшімізді салып жатырмыз" деді 22 мамырда Оңтүстік Кореядан Жапонияға барар алдында Джо Байден.

Қазір "маймыл шешек" вирусы анықталған елдер қатары көбейіп жатыр. Израиль мен Грекия да алғашқы вирус анықталғанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем бойынша 80 адамнан "маймыл шешек" вирусы анықталғанын, 50 адамнан ауру белгілері табылғанын мәлімдеді.

"Маймыл шешек" ауруымен байланысты жұқпалы ауру осыған дейін орталық және батыс Африка елдерінде ғана анықталып келген. Бірақ жуырда ол Ұлыбритания, Испания, Португалия, Италия, АҚШ, Швеция, Канада, Австралия және өзге елдерден анықталды.

Вирус приматтар және өзге де жабайы аңдардан тараған. Оған шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, денесі ауырып, қалтырайды. Ауру ушықса, адамның денесі мен беті бөртіп кетеді.

Адам өлімі 10 жағдайдың бірінде кездеседі. Көбіне жас науқастар арасында өлім көп. Әзірге маймыл шешек ауруынан емдейтін дәрі жоқ, бірақ шешек ауруына қарсы вакцина вирустан қорғайды дейді дәрігерлер.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG