Accessibility links

Украин шекарашылары бұрынғы президент Петр Порошенконы Польшаға жібермей қойды


Петр Порошенко.
Петр Порошенко.

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко НАТО-ның Вильнюсте өтетін парламенттік ассамблеясы жиынына қатысу үшін Польшаға өтпек болған, алайда оны шекарадан өткізбей қойды. Бұл жөнінде Порошенконың "Европейская солидарность" партиясы хабарлады. Партияның айтуынша, бұрынғы президент Вильнюске украин делегациясының ресми мүшесі ретінде бармақ болған және қолында Жоғарғы рада төрағасының бұйрығы болған.

"Рава-Русская пунктіндегі шекарашылар бұйрықтың күші жойылғаны немесе жалған екенін алға тартты" деп жазылған "Европейская солидарность" партиясының Телеграмдағы хабарламасында.

Партия өкілдері Жоғарғы рада төрағасы Руслан Стефанчукпен телефон арқылы хабарласуға тырысқан, алайда ол байланысқа шықпаған.

Украинада Порошенко "мемлекетке сатқындық жасады" және 2014-2015 жылдары Киев бақылауынан шығып қалған Донбастың кейбір аудандарынан көмір тасымалдауға қатысты қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген. Қаңтарда сот саясаткерді босатып, төлқұжатын тапсыруға міндеттеген.

Украинада тағы бір саясаткер Виктор Медведчук та "мемлекетке сатқындық жасау" бабы бойынша күдікке ілінген. Оны қоғамда ресейшіл саясаткер деп атайды. Украина қауіпсіздік қызметі осыған дейін оның тергелгені жайлы видео таратқан. Онда оппозициялық саясаткер мұнай құбырының бір бөлігін Порошенконың нұсқауымен мемлекет меншігінен шығаруға атсалысқанын айтады.

XS
SM
MD
LG