Иерусалимде 29 мамыр – Израиль туы күні еврей белсенділері мен араб белсенділері арасында жаппай қақтығыс болды.
Дәстүрлі марш Шхем қақпасы мен Мінажат қабырғасы аралығында өткен. Ескі қалаға кірерден бұрын әсіре оңшыл еврей белсенділері арабтарға қарсы ұран көтеріп, шу шығара бастаған. Оларды полиция тыныштандыра алмаған.
Шеруге шыққан мыңдаған адам Ескі қала қабырғасына жақындағанда Шхем қақпасының үстінен Палестина туын көтерген дрон көрінген. Жарылғыш зат болуы мүмкін деген қауіппен полиция дронды атып түсірген.
Шеру аяқталған соң Мінәжат қақпасы алдында радикалды белсенділер мен полиция арасында қақтығыс болған. Барлығы 60 адам тұтқындалған, басым көпшілігі – палестиналықтар.
Иерусалим туы күні - 1967 жылы Алты күндік соғыстан кейін Иерусалимнің шығыс бөлігінің Израиль бақылауына өткен күн құрметіне аталады. Шеруге қарсылар марштың мұсылмандар тұратын Ескі кварталдан өткізілгені - арандату деп санайды.
ПІКІРЛЕР