Accessibility links

Ресей Северодонецкінің басым бөлігін бақылауға алды. Киев қуатты қару-жарақ күтіп отыр


Северодонецкідегі украин күштері. Сәуір айы, 2022 жыл.

Ресей күштері Донбастағы ең маңызды қалалардың бірі Северодонецкінің басым бөлігін бақылауына алды. Киев АҚШ пен Германиядан қуатты қару-жарақ күтіп отыр.

Украина күштері Северодонецкінің – 20 пайызын, ресейліктер 60 пайыздан астамын бақылауда ұстап отыр. Қаланың қалған бөлігі белгілі бір тарапқа қарамайды. Қала басшысы Олександр Стрюк 1 маусымда осылай деп мәлімдеді. Қалада қызу шайқасып жатқан украин күштері Северодонецкіні ресейліктердің толық бақылауына алуына жол бермейміз деп әлі де үміттенеді. Стрюктің айтуынша, қаланың 20 пайызын "украин армиясы орыс әскеріне бой бермей, жанкештілікпен қорғап қалған".

Луганск әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдайдың айтуынша, кейбір украин солдаттары қала ішінде шайқасып жатыр, кейбірі "тиімді позицияға" шоғырланған.

1 маусым күні кезекті барлау деректерін жариялаған Ұлыбритания қорғаныс министрлігі қаланың жартысынан көбін Ресей күштері жаулап алған тәрізді деп мәлімдеді.

Ал АҚШ украин күштерін алыс қашықтыққа ұшатын зымыранмен қамтамасыз етуге келісті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG