1 маусымнан бастап Өзбекстан күнбағыс, мақта және өзге де өсімдік майларын экспорттауға тыйым салды.
Тиісті бұйрыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойды.
Газете.uz басылымы хабарлағандай, қаржы министрінің орынбасары Дилшод Султанов қазір әрбір мемлекет ішкі азық-түлік қауіпсіздігін ойластырып жатыр деп мәлімдеген.
"Қазір барлық әлемде ішкі қауіпсіздікті бірінші қамтамасыз ету тенденциясы жүріп жатыр. Тіптен жақында ең ірі экспорттаушы Үндістанның өзі қантты сыртқа сатуға тыйым салды", - деді ол.
Наурыз айында Ресей өсімдік майын экспорттауға шектеу енгізген.
Өсімдік майы Өзбекстанға негізінен Ресей мен Украинадан және Қазақстаннан келетін.
ПІКІРЛЕР