Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылар референдум учаскелерінен күштеп шығарып, полиция әкеткенін хабарлады


Үкіметтік емес "Еркіндік қанаты" ұйымының 16 бақылаушысын референдум өтіп жатқан залдан шығарып жіберген. Бұл туралы Азаттыққа "Еркіндік қанатының" атқарушы директоры Елена Швецова хабарлады. Оның сөзінше, 6 бақылаушыны референдум комиссиясы дауысты санар алдында шығарған.

Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова "Еркіндік қанаты" бақылаушыларының шығарылғаны жайлы хаттамалармен танысқанын, бақылаушылардың өздері "заңды бұзғанын" айтады.

Бақылаушылар дауыс беру процесін алыстан бақылауға тиіс, залда әрі-бері жүруге болмайды. Суретке де, видеоға да рұқсатпен түсіру керек. Комиссия мүшелері қарапайым мұғалімдер. Олар дөрекелік көрсетеді деп ойламаймын, — дейді Бақыт Бектемісова.

әуелсіз бақылаушылар" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Арайлым Назарова да өз ұйымының екі бақылаушысы референдум учаскесінен шығарылғанын хабарлады.

Екі бақылаушымызды Алатау аудандық полиция бөліміне әкетті. Полицияның сөзіне қарағанда, олар "олар кофе ішіп, әңгімелесіп комиссия жұмысына кедергі жасаған". Оларды полиция бөлімінде жарты сағат ұстады, — дейді Арайлым Назарова.

Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі де референдум күні бір бақылаушысын залдан мәжбүрлеп шығарғанын айтты.

5 маусымда, референдум өткен күні тәуелсіз бақылаушылар заң бұзушылықтар болып жатқанын хабарлаған. Бақылаушылардың жүрісіне шектеу қойылғаны, фотосуретке және видео түсіруге тыйым салынғаны, құжаты дұрыс емес адамдардың дауыс беріп жатқаны, бір адамның бірнеше рет дауыс бергені туралы түрлі ақпарат тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG