Accessibility links

"Локдаун кезінде көңілді кеш өткізген" Борис Джонсонға партияластары сенімсіздік вотумын жариялағысы келеді


Борис Джонсон
Борис Джонсон

Ұлыбритания билігіндегі консерваторлар партиясының 50-ден астам депутаты премьер-министр Борис Джонсонға сенімсіздік білдіруге шақырды.

Дүйсенбі күні сенімсіздік білдіру туралы дауыс беруге қажетті 54 депутаттың қолы жиналды. Процедураның өзі бүгін, дүйсенбі күні кешке өтеді. Джонсонға әрі қарай қызметте қалу үшін партияластарының тең жартысының қолдауын алып және оған бір депутат қосылса жеткілікті. Министрлер кабинеті негізінен Джонсонды қолдап отыр.

Бірқатар консерваторлар оппозицияға қосылып, Джонсонды "коронавирус індеті кезінде жауапсыздық көрсетті, қатаң локдаунға қарамастан премьер-министр резиденциясында көптеген адам қатысқан көңілді отырыс өткізді" деп айыптайды. Олар Британиядан баспана сұрап келгендерді Джонсонның мәселе шешілгенше Руандуға жібергенін де сынайды.

Ұлыбритания үкіметінің хатшысы Сью Грейдің Лондон полициясымен бірге әзірлеген 54 беттік баяндамасында премьер-министрдің 2020 және 2021 жылдары Даунинг-стрит резиденциясында көңіл көтеретін 16 кеш өткізгені көрсетілген. Оған қатысқан 83 адамға, арасында парламент мүшелері де бар, лодаун тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынған.

Егер консерваторлардың 50 пайыздан астамы Джонсон отставкаға кетсін деп дауыс берсе, парламентте көпшілік орын алып отырған партия премьер-министр қызметіне басқа кандидат ұсынуға тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG