Accessibility links

Түрмедегі Навальный Коммунизм құрбандары мемориал қорының "Азаттық медалін" алды


Алексей Навальный

Ресейдің қамауда отырған оппозиционері Алексей Навальный Коммунизм құрбандары мемориал қорының жыл сайын берілетін Азаттық медалін алды.

Награда Навальный құрған Жемқорлықпен күрес қорының қазіргі вице-президенті Анна Ведутаға тапсырылды. Ол Вашингтондағы салтанатты рәсімде сөйледі, – дейді "Америка дауысы".

Навальныйдың серігі сөзінде "Жемқорлықпен күрес қорына да, Алексей Навальныйға да қазір ең басты мәселе Украинадағы соғысты тоқтату" деген.

Ведутаның сөзінше, бұл мақсатқа жетудегі маңызды жолдардың бірі – Украинадағы соғыс туралы шындықты Ресей азаматтарына жеткізу. Ол қазіргі жағдайды Совет өкіметі кезінде халықтың ресми үгіт-насихатқа сенбейтін дейгейге жеткенімен салыстырған.

Навальный атынан сөйлеген Ведута соғысқа қарсылар Ресей азаматтарына бағытталған ақпараттық кампания жүргізуіне мүмкіндік беру үшін бүкіл ірі технология компанияларының басшыларын санкцияға байланысты Ресейде жарнаманы таргеттеуге салынған тыйымды алып тастауға шақырды.

Коммунизм құрбандары мемориал қоры1993 жылы АҚШ конгресінің актісімен құрылған антикоммунистік сипаттағы бейкоммерциялық ұйым. 2007 жылы қор бастамасымен Вашингтонда Коммунизм құрбандары мемориалының сыйлығы белгіленген. Бұл сыйлық адам құқығын қорғап, комунистік және өзге де тоталитардық режимдермен күрескендерге ұсынылады. "Владимир Путин режиміне батыл қарсы тұрғаны үшін" Навальныйға биыл қаңтарда берілген.

.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG