Accessibility links

Ресей әскері басып кіргелі Украинада кем дегенде 288 бала оққа ұшқан

Крамататорскіде өлген үш жасар баланың табытын ұстап тұрған туысы. Бала эвакуация кезінде әке-шешесімен бірге өлген.
Крамататорскіде өлген үш жасар баланың табытын ұстап тұрған туысы. Бала эвакуация кезінде әке-шешесімен бірге өлген.

Украина бас прокуратурасы 13 маусымда таратқан мәліметке қарағанда, биыл 24 ақпанда Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері кем дегенде 288 бала оққа ұшып, 527 бала жараланған.

Бас прокуратура мұны әзірге қолда бар ақпарат деп санайды, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан толымды ақпарат жинау мүмкін болмаған.

Кейінгі күндері оққа ұшқан балалар арасында Луганск облысына қарасты Лисичанск елдімекенінің 6 жасар сәбиі бар. Ол 12 маусымда Ресей әскері артиллериямен атқылаған кезде өлген. 11 маусымда Ресей әскері Тернополь облысындағы Чертков қаласын атқылағанда 12 жасар қыз зардап шеккен.

Біріккен ұлттар ұйымының адам құқығы жөнгіндегі жоғарғы комиссары басқармасының өткен аптадағы есебіне қарағанда, Ресей әскері басып кіргелі 272 бала, 4 мың 302 бейбіт адам қаза болып, 5217 адам жараланған. Ол кезде Донецк және Луганск облыстарында 2493 адам өліп, 2979 адам жараланғаны хабарланған. Бұл облыстардың Киев бақылап отырған аймақтарында 2339 адам өліп, 2326 адам жараланған.

Өлім-жітімнің көбі артиллерия және дүркіндетіп ататын зымыран жүйесінің шабуылынан кейін болған.

БҰҰ басқармасы өлгендер мұнан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін, соғыс аймақтарынан ақпарат кеш жетіп жатқанын ескерткен. Әсіресе Мариуполь, Изюм және Попасная қалаларында бейбіт адамдардың қырылып жатқаны жайлы хабар жиілеген.

Мариупольдегі перзентхана мен аурухананы шабуылға ұшырады. Шабуылдың қаншалықты жойқын болғанын көрсетер фотолар

Мариупольде шабуылға ұшыраған перзентхана мен балалар ауруханасы. 
1/5 Мариупольде шабуылға ұшыраған перзентхана мен балалар ауруханасы. 
Еріктілер жараланған жүкті әйелге көмектесіп жатыр. 
2/5 Еріктілер жараланған жүкті әйелге көмектесіп жатыр. 
Шабуылға ұшыраған балалар ауруханасы мен перзентхана.
3/5 Шабуылға ұшыраған балалар ауруханасы мен перзентхана.
Мариуполь билігі шабуылдан  үш адам қаза тауып, 17 адам жараланғанын хабарлады. 
4/5 Мариуполь билігі шабуылдан  үш адам қаза тауып, 17 адам жараланғанын хабарлады. 
Мариуполь қаласынан түсірілген фото. 
5/5 Мариуполь қаласынан түсірілген фото. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG