Accessibility links

Экономика министрлігі: Жаңа облыстардың мемлекеттік органдарын орналастыруға 12 млрд теңге керек


Алматы облысының Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген әкімдігі. Талдықорған қаласы, 12 қаңтар 2022 жыл
Алматы облысының Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген әкімдігі. Талдықорған қаласы, 12 қаңтар 2022 жыл

Қазақстанның жаңадан құрылған үш облысының әкімшілік ғимараттарын сатып алу, жөндеу және жалға алуға 12 миллиард теңге қажет (27, 5 миллион доллар). Бұл жөнінде орталық коммуникация қызметіндегі брифинг кезінде ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Министр сөзінше, бұл қаржы әкімшілік шығындардың алғашқы сатысына: көшіп-қонуға, әкімдер мен облыстық басқармаларды ұйымдастыруға жұмсалады.

Министрдің айтуына қарағанда, 12 миллиард теңгенің 7,6 миллиарды Ұлытау облысына бөлінеді. Бұл облыста 21 мемлекеттік орган орналасатын 17 нысан керек. Алматы облысының жаңа әкімшілік орталығы Қонаев қаласына (бұрынғы Қапшағай қаласы – ред.) осы мақсатқа 3,5 миллиард теңге жұмсалады. Қалған 839 миллион теңге Абай облысына бөлінеді, орталығы Семей қаласына 10 мемлекеттік орган орналастырылады.

8 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңадан Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылған. Абай облысына Нұрлан Ұранхаев, Ұлытау облысына Берік Әбдіғали, Алматы облысынан бөлінген Жетісу облысына Бейбіт Исабаев әкім болған.

1997 жылға дейін Қазақстанда Жезқазған облысы (қазіргі Ұлытау облысы), Семей облысы (қазіргі Абай облысы) және Талдықорған облысы (қазіргі Жетісу облысы) құрылған. Билік аталған облыстар "бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында таратылды" деп түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG