Accessibility links

Украинада Ресей жағында соғысқан тағы бір қырғызстандық қаза тапқан


Руслан Полотовтың "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі суреті.
Руслан Полотовтың "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі суреті.

Украинадағы соғыста Қырғызстанның тағы бір азаматы қаза тапқан. Талас облысының тумасы, 38 жастағы Руслан Полотовтың қаза болғанын оның бауыры Ислан Полотов растады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

л екі жыл бұрын Ресейге кеткен еді. Ал Украинаға нақты қай кезде барғанынан айта алмаймын. Бірақ ол өз еркімен барған. Луганск облысындағы Рубежное қаласында қаза тапқан. Бауырымның сүйегін Мәскеуден [елге] жеткізді, 3 маусымда жерленді. Ол Қырғызстан азаматы болатын, Ресей азаматтығын аламын деген ойы болған жоқ" дейді Ислан Полотов.

Руслан Полотовтың Қырғызстанның Талас облысы Үш қорған ауылында тіркеуде тұрғанын жергілікті билік қызметкерлері растаған.

"АКИпресс" басылымының дерегінше, Руслан Полотов Мәскеудегі жоғарғы әскери училище мен Қырғызстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 2003 жылы арнаулы жасақ құрамында таудағы жаттығуларға қатысқан. Қырғызстан мен Қазақстан қорғаныс министрлігі грамтомаларымен марапатталған. Жары, екі баласы бар. Соңғы жұмыс орны – АРИС ұйымы, 2015 жылы Полотов онда қауымдарды дамытуды қолдау бойынша сарапшы болып істеген деп көрсетілген.

Полотовқа дейін Украинадағы соғыста Қырғызстан азаматын Аманбек Қурбанбаев қаза тапқан. Отставкадағы милиция майоры Курбанбаев Ресей армиясы құрамында соғысқа қатысқан. Ол 13 маусымда Жалалабад облысы Ақсы ауданы Әулетім ауылында жерленді.

Қырғызстан заңы бойынша, өзге елдің аумағында қарулы жанжалға не соғысқа қатысқан қырғыз азаматтары жауапқа тартылып, бес жылдан сегіз жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG