Accessibility links

НАТО министрлері Украинаны қолдауды жалғастыруға және өз қорғанысын нығайтуға уағдаласты


НАТО-ға мүше елдер министрлерінің жиыны. Брюссель, Бельгия, 15 маусым 2022 жыл.
НАТО-ға мүше елдер министрлерінің жиыны. Брюссель, Бельгия, 15 маусым 2022 жыл.

Ресей агрессиясы ойын ережесін өзгертті, сондықтан НАТО-ның міндеті – [агрессияны] сенімді түрде тежеу мен мықты қорғанысты қолдау болмақ. Бұл туралы НАТО елдері қорғаныс министрлері кездесуіне Солтүстік-атлантикалық әскери альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Столтенбергтің айтуынша, кездесуде министрлер Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан Украинаны қолдауға және НАТО-ны ұжым болып қорғау әлеуетін нығайтуға бағытталған күш-жігерімізді үйлестіреміз деп келіскен. Бұл НАТО-ның солтүстік қанатын нығайту үшін қосымша әскери күштер жұмылдырылатынын, оған қоса қорғаныс қабілетін арттыру үшін қару-жарақ қоры ұлғайтылатынын білдіреді.

24 ақпанда ел аумағына басып кірген Ресей әскерімен содан бері қиян-кескі шайқасып жатқан Украина Батыс елдерінен көбірек қару-жарақ беруін сұрап келеді. Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк Украинаға өзге құрал-жабдықпен қоса кемінде мың гаубица, 300 дүркіндете ататын қару жүйесі және 500 әскери танк шұғыл қажет деп мәлімдеген.

Маусымның аяғында Мадридте НАТО саммиті өткелі отыр. Онда осы әскери-саяси одақтың жаңа стратегиялық концепциясы талқыланбақ. Онда Ресей мен Қытай тарапынан төнетін қауіп-қатерге байланысты ортақ ұстаным қарастырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG