Қытайдың экономикалық орталығы саналатын Шанхай қаласын қара түтін басты. Сенбі, 18 маусымға қараған түні қаладағы химиялық зауыт өртке оранды. Әзірге бір адамның қаза тапқаны белгілі. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігі хабарлады.
Sinopec компаниясының мұнай-химиялық зауытындағы өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 4.00 шамасында басталған. Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігі "Синьхуа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт бақылауға алынған.
Қала тұрғынының AFP агенттігіне жолдаған видеосына қарағанда, қала аспанын қара түтін басқан. Өндіріс аймағының үш жерінде бөлек-бөлек өрт тұтанып тұр.
"Өрт толықтай бақылауға алынды, қазір қауіпсіздік мақсатындағы өрт жүріп жатыр" деп хабарлады "Синьхуа" агенттігі бір адамның қаза тапқанын мәлімдеп.
Шанхай – Қытайдың халық ең тығыз орналасқан индустриялық қаласы. Қала коронавирустың омикрон варианты анықталған соң екі ай карантинге жабылып, енді ғана қалыпқа келе бастаған еді.
Карантин маусым айында алынды. Бірақ өндірістің тоқтап қалуы ғаламдық экономикаға салдарын әлі тигізіп отыр.
ПІКІРЛЕР