Accessibility links

Санитарлық бақылау комитеті: Қазақстанда маймыл шешек табылған жоқ


Қазақстанда маймыл шешек дерті тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап, inbusiness сайты хабарлады.

Комитет Қазақстандағы әуежай, вокзал, порт, автоөтпелерде 39 санитарлық-карантин пункті ашылып, арнайы термометрпен келгендер тексеріліп жатқанын айтады.

"Әсіресе Африка елдерінен және маймыл шешек табылған елдерден келгендер қатаң тексеріліп жатыр" деп мәлімдеді комитет.

Әдетте Африка елдерінде ғана кездесетін маймыл шешек ауруы биыл Еуропа, Америка құрлықтарында да тараған. Африкадан тыс ондаған елде жүзден аса адам осы дертке шалдыққан еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әдетте маймыл шешек ауруы кездеспейтін елдерде эпидемиялық бақылау күшеймесе, науқас көбеюі мүмкін деп болжап, елдерді шара қабылдауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG