Accessibility links

БАҚ: Қазақстан ұлттық банк төрағасының туған бауыры ForteBank-ті уақытша басқарады


Ұлттық банк төрағасының туған бауыры ForteBank басқармасын басқарады, бұған дейін бұл банкті басқарып келген Латвия азаматы Рейниса Рубенис қызметінен кеткен. Бұл туралы жергілікті Atameken Business Qaz басылымы хабарлады.

Рейнис Рубенис ForteBank басқарма төрағасы қызметіне 2022 жылы 10 қаңтардан бастап кіріскен. Оған дейін Латвияның аса ірі Swedbank Latvia банкіне жетекшілік еткен.

"Биыл геосаяси ландшафт қатты өзгеріп, отбасым Қазақстанға көшіп келе алмады. Бұл менің басқарма төрағасы ретіндегі өкілетімді мерзімінен бұрын өткізуіме ықпал еткен басты себеп болды. Мен Латвияға ораламын", — деген Рейнис Рубенис сөзін банктің баспасөз қызметі таратқан..

15 шілдеден бастап басқарма төрағасының міндетін бұған дейін төраға орынбасары болып келген Бекжан Пірматов уақытша атқарады.

Бекжан Пірматов бұған дейін екі жекеменшік банкте жұмыс істеген. "Банк Каспийский" (қазіргі Kaspi Bank), "Банк ТұранӘлем", HSBC Bank Kazakhstan (кейін Altyn Bank) және "Казкоммерцбанк" ("Халық банкке" қосылған") сияқты банктерде лауазымды қызметтер атқарғн.

Ашық деректерден Бекжан Пірматов Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтің туған бауыры екенін көруге болады.

Бұған дейін жергілікті БАҚ-тар Ғалымжан Пірматовтің тағы бір бауыры Рахымжан Пірматовтың құрылыс жобаларымен шұғылданатын компанияға жетекшілік ететінін, ал тағы бір бауыры Бауыржан Пірмат — кей мәліметтерге қарағанда "БТА банктің" (қазір жабылып қалған) Қостанай облысындағы бөлімшесін басқарғанын жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG