Accessibility links

ҰҚК: Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш — тергеу назарында


Самат Әбіш
Самат Әбіш

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш — тергеу назарында. Бұл сөзді бүгін парламент мәжілісінің дәлізінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты.

Алайда ол "Самат Әбіш бостандықта ма, қамауда ма" деген сұраққа "білмеймін" деп жауап берді.

Биыл Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынған. Оларға "билікті күшпен басып алуға талпынды", "ірі көлемде пара алды", "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Қаңтар оқиғасынан соң бірер аптадан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш те қызметінен алынған. Алайда оның үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.

Мамыр айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойған.

Қайрат Сатыбалды қамалды, Самат Әбіш бостандықта. Қаңтар қырғынының артында кім тұр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:54 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG