Accessibility links

Ауғанстанда жер сілкінісінен 920 адам опат болды


Жер сілкінісінен қираған үй. Ауғанстан, 22 маусым 2022 жыл
Жер сілкінісінен қираған үй. Ауғанстан, 22 маусым 2022 жыл

Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Соның нәтижесінде кем дегенде 920 адам қаза тауып, кемі 600 адам жараланған. Бұл жөнінде "Талибан" үкіметіне сілтеме жасап, Азаттықтың Ауған қызметі хабарлады.

АҚШ геология қызметінің хабарына қарағанда, 22 маусым таңертең болған жер сілкінісінің ошағы — Ауғанстан астанасы Кабулдың оңтүстік жағы, Пәкістанмен шекарадағы Хост қаласының маңы.

Еуропа Жерорта теңізі сейсмология орталығының ақпаратына қарағанда, жер сілкінісі ошағынан 200 шақырымдағы Кабул қаласында да сілкініс қатты байқалып, дүмпу қайталанған. Жер дүмпуін Хосттан 300 шақырымдағы Пәкістанның астанасы Исламабад қаласы да сезген.

Пәкістанның метеорологиия қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG