Accessibility links

Томирис Байсафаны өлтіргені үшін Дағыстан экс-премьерінің ұлы 13 жылға бостандығынан айырылды


Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Томирис Байсафа
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Томирис Байсафа

Мәскеудің Измайловск аудандық алқабилер соты коллегиясы Дағыстан үкіметінің бұрынғы төрағасының ұлы Мұртазәли Меджидовтың ұлын кінәлі деп таныды. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, Қазақстан азаматы Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікке ілінген. Сот Меджидовты 13 жылға бостандығынан айырды.

Бұл ақпаратты Мәскеу қалалық сотына сілтеме жасаған Мәскеу қалалық жаңалықтар агенттігі хабарлады.

2018 жылы Томирис Байсафаны өзі оқитын оқу орны жатақханасы терезесінің түбінен тауып алған. Көп ұзамай жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Куәгерлер сөзінше, оның өліміне Меджидовпен арадағы конфликт себеп болған. Меджидовке бастапқыда "кісі өліміне дейін жеткізді" деген айып тағылып, кейін оны "кісі өлтірді" деген бапқа ауыстырған. Прокуратура сөзіне қарағанда, Медведов оны әуелі ұрып-соғып, содан соң терезеден итеріп жіберген.

2021 жылы маусымда Мәскеудің Никулинск соты Меджидовты ақтап алған. Қараша айында Мәскеу қалалық соты істі қайта қарауға жіберген. Биыл қаңтарда проекуратура істі Измайловск сотына жіберген, өйткені Никулинск сотының істі қайта қарағанда объективті шешім шығаратынына күмәнданған, деп жазады Кавказ.Реалии сайты.

Мұхтар Меджидов Дағыстан үкіметін 2013жылдың қаңтар-шілде айларында басқарған. Оған дейін вице-премьер және аймақтағы заң шығару өкілдігінің депутаты болған. 2020 жылы Ресей қорғаныс министрлігінің мүлкін "жымқырды" деген айыапен қамауға алынған.

.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG