Accessibility links

Ресей әскері Северодонецкіні толық бақылауға алғанын мәлімдеді


Ресей қорғаныс министрлігі 25 маусымда Луганск облысының Северодонецк қаласына толық бақылау орнатқанын мәлімдеді. Бұл қала үшін кейінгі апталарда ауыр шайқас жүрген.

Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков сепаратистік "ЛХР" әскері генерал Сергей Суровкин басқарған Ресей әскерінің көмегімен Северодонецкіден өзге Боровское қаласын және Вороново мен Сиротино елдімекендерін толығымен алғанын хабарлады. Конашенков Северодонецкінің өнеркәсіп аймағы "Азот" кәсіпорнын қарсыласу ошағына айналдыруға жол берілмегенін айтты.

Бұған дейін сенбіде Ресей әскері Северодонецк қаласын алғанын Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай растаған. Ол telegram-арнасына "Украина қарулы күштері қаланы тастап, алдын ала дайындалған шепке кетті" деп жазған.

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр украин жауынгерлерінің Северодонецкіні тастап шыққаны жайлы жазған БАҚ-тарды сынаған.

"Жай азаматтардың әскери операциядан хабары барын білдіріп, әлеуметтік желіге жазғаны әскери операцияға нұқсан келтіреді. Осындай хабарлар Украина қарулы күштерінің жоспарлы әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді", — деген Малярдың сөзін Би-би-си жариялады.

Украина қарулы күштері бас штабының 25 маусымдағы мәліметтеріне қарағанда, Украина әскері шегінгеннен кейін Ресей әскері Северодонецк, Сиротино, Вороново және Боровское елдімекендеріне бекінген. Севереодонецкіден шегіністі Украина басшылығы тактикалық шегініс деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG