Accessibility links

Киев Анкарадан "Украина астығын заңсыз экспорттаған" қазақстандық компанияға тиесілі кемені тұтқындауды сұрады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Киев Анкарадан "Украина астығын тиеген" орыс әскері жаулап алған Бердянск портынан жолға шыққан, Ресей туын іліп алған кемені тұтқындауды сұрады.

1 шілдеде Украинаның Анкарадағы елшісі Бердянскіден шыққан "Жібек жолы" кемесі Түркияның Қарасу портына жеткенін хабарлады. Елші Васил Боднар Туиттер желісінде Украина бас прокурорының нұсқаулығына сүйене отырып "біз Түркия жағынан қажетті шара қолдануын сұрадық" деп жазды. Елшінің Туиттер жазбасында жүк кемесіне қатысты мәлімет айтылмаған. Алайда Украинаның Запорожье аймағындағы Мәскеу тағайындаған әкімшілік жетекшісі Евгений Балицкий 30 маусымда Телеграм арнасында Бердянскіден шыққан кемеде 7 мың тоннадан астам астық барын айтқан. Оның айтуынша, кеме "доспейілдегі елдерге" бағыт алған, алайда ол нақты қай ел екенін айтпады және астықтың қайдан алынғанын да түсіндірмеді.

Reuters ақпарат агенттігінің жазуынша, 30 маусымда Түркия әділет министрлігіне жіберілген хатта "Жібек жолы" кемесінің "украин астығын заңсыз экспорттауға" қатысы бары айтылған.

1 шілдеде қазақстандық "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (оған еншілес KTZ Express компаниясына "Жібек жолы" кемесі тиесілі) жеті тоннаға дейін жүк таси алатын кеме былтыр ресейлік "Грин-Лайн" компаниясына бербоут-чартер келісімі бойынша берілгенін және эстониялық Mangelbert OU компаниясымен жасалған келісім бойынша астық тасығанын мәлімдеген. Mangelbert OU басшылығына сүйенген ҚТЖ "астықтың Украинаға тиесілі екенін және украин тарабының өтініші бойынша гуманитарлық дәліз арқылы тасымалданып жатқанын" айтады.

"KTZ Express" АҚ санкциялық шектеулерді қатаң сақтайды" деп жазылған ұлттық компанияның 1 шілде күнгі хабарламасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG