Accessibility links

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы қызметкерлері заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікке ілінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның бұрынғы қызметкерлері бұрын фармация комитетінің төрайымы міндетін атқарған Лариса Пакқа заңсыз тергеу әдістерін қолданды деген күдікке ілінді. Фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дүйсенбі күні.

Лариса Пак 2017 жылы пара берді деген күдікпен тергеу изоляторына қамалып, артынша инсультті бастан кешірген. Кейін қылмыс құрамы болмағандықтан Пакқа қозғалған іс тоқтатылды. Ал Лариса Пак 2019 жылы 6 шілдеде ауруынан қайтыс болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, 2020 жылы 7 желтоқсанда Лариса Пактың әрекетінен қылмыс құрамы анықталмағандықтан агенттік марқұмды толық ақтап шыққан.

7 шілде күнгі хабарламасында агенттік марқұмның туыстарына көңіл айтып, "келтірген зиян үшін ресми түрде кешірім сұраған".

Хабарламада жоғарыда аталған іс бойынша қанша күдікті бары айтылмаған.

Пакқа қарсы қылмыстық іс бас прокуратураны қазіргі сенат депутаты – Қайрат Қожамжаров, ал жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын Талғат Татубаев басқарған тұста қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG