Accessibility links

Илон Маск Twitter'ді сатып алудан бас тартты


Илон Маск.

Миллиардар кәсіпкер Илон Маск құны 44 млрд долларға бағаланған Twitter әлеуметтік желісін сатып алудан бас тартты. Tesla'ның бас атқарушы директоры жұма күні Twitter'ді сатып алу процесін тоқтататынын, себебі әлеуметтік желімен аттас компания Бірігу туралы келісімнің бірқатар шарттарын бұзғанын айтты.

Маск адвокаттарының өтінішіндегі мәліметке сүйенсек, Twitter платформадағы жалған немесе спам-аккаунттар туралы ақпаратты беру бас тартқан немесе жауап бермеген.

Масктің айтуынша, келісімнен шығуға сонымен бірге Twitter'дің топ-менеджерлер мен өзге де қызметкерлерді қызметтен босатуы да себеп болған. Оның айтуынша, келісімге сәйкес бизнес-ұйымның құрамы өзгермеуі тиіс болған.

Ал Twitter компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Брет Тейлор "Маскпен келісілген баға мен шарттар бойынша" келісімді аяқтауға күш салатынын, соған байланысты сотқа шағым түсіруі мүмкін екенін де айтты.

Мұндай шешім миллиардер мен нарықта 16 жыл істеп келген компания арасындағы айларға созылатын ұзақ дау-дамайға ұласуы мүмкін.

Осындай ақпарат тараған шақта әлеуметтік желінің акциясы 6 пайызға арзандады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG