Accessibility links

Шымкент қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы "пара алды" деген күдікпен қамалған


Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Пархат Исақбаев "Пара алды" деген күдікке ілініп, сот санкциясымен екі айға қамалған.

Бұл туралы 11 шілдеде Азаттыққа Пархат Исақбаевтың адвокаты айтты және Исақбаевты қамауға сот санкция бергенін растады.

Бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде қолына кісен салынған, Исақбаевқа ұқсас адамды арнаулы жасақтың әкетіп бара жатқаны жөнінде видео жарияланып, Исақбаевтың "пара алды" деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тараған.

- Исақбаевты ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі ұстады. Ол 4 шілдеде "пара алды" деген күдікке ілінген. Бірақ алған пара мен оның сомасы туралы дәлел көрсетілген жоқ, - деді Исақбаевтың адвокаты Талғат Есімов.

Шымкент қалалық сотының мәліметіне қарағанда, Пархат Исақбаев Қылмыстық кодекстің "Пара алу" (366-бап) бабы бойынша күдікке ілініп, қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен екі айға қамауға алынған.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми сайтында әділет подполковнигі Пархат Исақбаевтың департамент басшысының орынбасары қызметін атқаратыны көрсетілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG