Accessibility links

"Киік ату" туралы шешімі үшін сөгіс алған экология министрі бөкендерді зерттеуге қаржы сұрады


Жайылып жүрген киіктер. Көрнекі сурет.
Жайылып жүрген киіктер. Көрнекі сурет.

"Киіктер популяциясын реттеу үшін оларды терең зерттеу қажет". Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов 15 шілдеде үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Оның баяндамасынан үзіндіні ҚазТАГ агенттігі келтіреді.

"Қазақстандағы киіктер популяциясын тиімді түрде бақылап, оның ресурстарын тұрақты басқару үшін олар мекендейтін аумақтағы экожүйені кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеу жүргізу қажет" деді Брекешов.

Оның айтуынша, зоология институты ғылым және жоғары білім министрлігіне киіктерді зерттеуді қаржыландыруға өтініш берген. Алайда жоба мақұлданбаған.

Министр премьер-министрден зерттеуді қаржыландыру мәселесін қарастыруды өтінді.

Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешевке киіктер популяциясын "ату" арқылы реттеу туралы шешімі үшін сөгіс жариялаған.

Маусым айында үкіметтің мемлекеттің ерекше қорғауында болып келген бөкендерді атуға рұқсат бергені, 80 мың киікті атылатыны хабарланған. Бұл қоғамда қызу талқыланған. Жануарлар құқығын қорғаушылар бұған қарсы шығып, мұндай жағдайда киікке құрып кету қаупі төнуі мүмкін деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG