Accessibility links

Днепрге зымыранмен соққы жасалды. Одессада жарылыс болды


Днепр.
Днепр.

16 шілде таңертең Украинаның Одесса қаласында сирена ойнатылып, ізінше жарылыс болды. Қаланың төбесінен қалың қара түтін көтерілді. Ресми ақпарат бойынша, зымыран қоймаға түскен. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

"Оңтүстік" жедел басқару тобының ақпаратынша, Одессаға Ту-95 ұшақтарымен зымыран соққысы жасалған.

15 шілдеде түнде Украинаның Днепр қаласына да зымыранмен соққы жасалып, кемінде үш адам қаза болғаны хабарланған. 15 адам жараланды. Бұл жөнінде облыстың әскери әкімшілігінің жетекшісі Валентин Резниченко хабарлады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, ракета өнеркәсіп кәсіпорнына және соның маңындағы адам көп жүретін көшеге түскен.

Жұма күні Полтава облысының Кременчуг қаласында да жарылыс болған. Әзірге қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Бұдан бөлек, жұма күні Ресей күштері дүркіндете ататын "Ураган" реактивті қаруымен Бахмут орталығын атқылаған. Зардап шеккендер бар. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, орталық базарға бір ракета жіберілген. Екеуі тұрғын үйлерге бағытталған.

Полицияның хабарлауынша, атқылаудың салдарынан базар мен дүкендер қираған. Жарылыстың епкінді толқыны сол маңдағы көп қабатты тұрғын үйлердің терезесін сындырып жіберген.

Ресей қорғаныс министрлігі әзірге оқиғаларға түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG