Accessibility links

Путин тележүргізуші Соловьевті "Ресейдің жағымды образын қалыптастырғаны үшін" марапаттады


Владимир Соловьев.
Владимир Соловьев.

Ресей президенті Владимир Путин тележүргізуші Владимир Соловьевті "Отан алдындағы қызметі үшін" төртінші дәрежелі орденімен марапаттады. Жарлық құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Құжатта Соловьевқа орден "Ресейдің жағымды образын қалыптастыруға едәуір үлес қосқаны және қоғамдық маңызы бар шараларға белсене қатысқаны үшін" беріліп отырғаны жазылған.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) 25 сәуірде "Украина арнайы қызметінің тапсырмасымен" Владимир Соловьевқа "қастандық жасамақ болған неонацистік топтың" ұсталғанын мәлімдеген. Топтың ұсталғанын президент Путин де айтқан, алайда ол кезде тележүргізушінің атын атамаған.

Ал Украина қауіпсіздік қызметі "Ресей ФСБ-сының қиялынан туған, Ресей аудиториясына арналған кезекті өтірік ақпаратқа" түсініктеме бермейтінін айтқан.

"Соловьев – қоғам қайраткері емес, қарапайым насихатшы – Украина жеңіске жеткеннен кейін халықаралық сотта қылмысы үшін міндетті түрде жауап береді" деген еді ведомство өкілдері.

Владимир Соловьев Ресейдегі негізгі теленасихатшы және Киевпен соғыстағы басты идеолог. 2008 жылы Соловьев "Ресей ешқашан Украинамен соғыспайды, сол себепті оны жүзеге асыруға тырысатын кез келген адам – қылмыскер" деп мәлімдеген болатын.

Ол Ұлыбритания, Канада, Австралия, Еуроодақтың санкция тізіміне енгізілген.

XS
SM
MD
LG