Accessibility links

Өзбекстанда президент әкімшілігіне жаңа жетекші тағайындалды


Сардор Өмірзақов.
Сардор Өмірзақов.

Өзбекстан президентінің жарлығымен Сардор Өмірзақов президент әкімшілігі жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде президент Шавкат Мирзияевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Сардор Өмірзақов бұған дейін премьер-министрдің инвестиция және сыртқы экономика байланыс мәселелері жөніндегі орынбасары – инвестиция және сыртқы сауда министрі болған. Ол бұл қызметінен босатылған.

Парламент премьер-министрдің инвестиция және сыртқы экономика байланыс мәселелері жөніндегі орынбасары – инвестиция және сыртқы сауда министрі қызметіне бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Қожаевтың кандидатурасын мақұлдады.

8 шілдеде Зайнилобиддин Низомиддиновтің "денсаулығына байланысты басқа қызметке ауысуына орай" президент әкімшілігі жетекшісі қызметінен босатылғаны белгілі болған.

Осыған дейін Азаттықтың Өзбек қызметі елде наразылық туғызған Өзбекстан Конституциясына өзгертулер енгізу процесіне Низомиддиновтің жетекшілік еткенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG